Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қос домбыра) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Қос домбыра туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қос домбыра

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қос домбыра)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қос домбыра) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қос домбыра) на казахском языке


Дәулеткерей Құсайыновтың үйінде туған өлең

Адамзат ғұмыр кешпес босқа, сірә,
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа қосқан мұра.
Қалдырған Құрекеңдер аманат қой,
Төріңде иықтасқан қос домбыра.
Қолыңа кезек-кезек аласың да,
Түсесің өз-өзіңмен дара сынға.
Мерейді өктем етіп, төкпелетіп,
Тоқтайсың, жеткендей бір қарасынға.
Күйлерден зар заманның есті лебі,
Бірінен-бірі мұңды естіледі.
Санамды сан тарапқа алып кетіп,
Жалаңаш жүрегімді кескіледі.
Бұл күнде ойлы да көп, елірген де,
Және көп арыған да, семірген де.
Бәрі өтті көз алдымнан тізбектеліп,
Күйіңнің құдіретіне берілгенде.
Төріңе қос домбыра жарасады,
Осылай ұрпақ көші әрі асады.
Өнерің өміріңе болсын өзек,
Құдай да сүйген құлға қарасады!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Қос домбыра туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қос домбыра, айтқали нәріков Қос домбыра туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қос домбыра, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қос домбыра) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке