Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қара сиыр) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Қара сиыр туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қара сиыр

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қара сиыр)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қара сиыр) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қара сиыр) на казахском языке


Соғыс сұмдық түтеп тұрған кез еді,
Шаттық семіп, қайғы деген тез өніп...
Біздің де әкей кетті қанды майданға,
Зұлым жауға кек қаруын кезеніп.
Әке сері - көмейінде әні бар,
Дейді екен: "Малды қойшы, табылар ".
Мал дегенде, қара сиыр болды бір,
Ауламыздан өрген жалғыз жануар.
Жазда өрістен мақ-маң басып келетін,
Қыста ықта шөп-шаламды теретін.
Сол жылдары қоңы болмай жүрсе де,
Бір сауғанда, бір шелек сүт беретін.
Қуырды ғой, қуырды ғой апшыны,
Соғыспенен қатар келген тапшылық.
Бір қасық сүт бір күнге өмір ұзартты,
Жалғаны жоқ - мұның бәрі нақ шыным.
Жұмыста ана тесік өкпе, құс табан,
Тағдыр сыны жан-жағынан қыстаған.
Ұзақты күн үйде оңаша қаламыз,
Үйемелі-сүйемелі үш бала.
Күрп-күрп еткен сүттің қандай ағысы!
Кіп-кішкентай саусақтары қарысып,
Отыратын он бір жасар әпкеміз,
Қара сиыр бауырына жабысып.
Жүрді әкенің жоқтығы өте білініп,
(Келеді деп күбірлейді бір үміт...)
Біздің өмір бейбіт күнге жетті ғой,
Қара сиыр желініне ілініп.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Қара сиыр туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қара сиыр, айтқали нәріков Қара сиыр туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қара сиыр, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қара сиыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке