Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қырық бесінші жыл) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Қырық бесінші жыл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қырық бесінші жыл

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қырық бесінші жыл)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қырық бесінші жыл) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қырық бесінші жыл) на казахском языке


Түнеріп сол күндерде тұрды аспаным,
(Таяғы тағдырдың ұрмас бәрін).
Қарсы алдым балалармен қатар барып,
Әкемнің жаудан қайтқан құрдастарын.
Мойнына әкенің ұл асылады,
Әке де бақытына бас ұрады.
Шетте тұр шемен көңіл қара бала,
Саусақпен сүртіп қойып жасын, әне.
Қырық бес! Кетпей қойдың есімнен бір,
(Тaл тұрды: «Жұла бер, - деп, - төсімнен гүл»)
Өшкені талайлардың қайта жанып,
Тілеуі талайлардың кесілген жыл!
Шын жүректен
Кім мені бас пайдаға жетік деген?
Қанағат қолда барға етіп келем.
Мінезім ауылымдай аңғал-саңғал,
Үйлерін есігінің бекітпеген.
Көмейден көңілдегім ақтарылар,
Жан емен қулық қуған, баққа құмар.
Көпсініп қоңыр ғана тірлігімді,
Жігіттің дос деп жүрген сатқаны бар.
Көмейден көңілдегім ақтарылар,
Тұрады шындық атты сапта бұлар.
Бой тартып жүрген кейбір жігіттердің,
Іздеп кеп, менен сүйеу тапқаны бар.
Көмейден көңілдегім ақтарылар,
Ниетім қараға емес, аққа құлар.
Жұқпайды ақ боп жүрсең, жаққан күйе,
Тeк кепіл қаларына сақталып ар.
Кім мені бас пайдаға жетік деген?
«Жетіктер» жүрген жоқ па кетіп төмен.
Пайдасын қара бастың ойламай-ақ,
Алдағы мақсатыма жетіп келем!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Қырық бесінші жыл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қырық бесінші жыл, айтқали нәріков Қырық бесінші жыл туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Қырық бесінші жыл, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Қырық бесінші жыл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке