Түлкі тасбақа және кене

 Түлкі тасбақа және кене

Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.

Үшеуі ойласып:

— Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді.

Түлкі бір жарды көріп:

— Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.

Тасбақа байғұс жер тырналап, кене сорлы тарыны жиып, егіп, әлекке түседі. Сөйтіп, көп бейнет шегіп, піскен соң, ол тарыны орып алады. Бастырғанда, бір аяқ тары болады. Біреуі барып, түлкіні шақырып келеді. Түлкі келе сала:

— Бұл тарыны үшеуімізге бөлуге болмайды. Үшке бөлгесін, бұл әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуіміз жарысып, қай озғанымыз алайық, – дейді.

— Мақұл! – деп, үшеуі бір жерге келіп, қатарласып тұрады.

Түлкі:

— Ал, кеттік! – деп, жөней бергенде, кене түлкінің башпайына жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп, барынша жүгіріп келіп, қырманға отыра бергенде, кене:

— Ай, сорлы, мені басып өлтіресің бе? – дейді.

— Ой, сен қашан келдің? – дейді түлкі.

— Сен бағана «Ал, кеттік!» дегенде-ақ мен келіп қалғамын! – дейді кене.

Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып, тасбақа келеді. Келе сала:

— Ойбай, түлкі, мен бір бәле көріп келдім! Жаңа сендердің артыңнан екі қарагер аты бар, қара бүркіті бар және екі тазысы бар екі адам келіп, жаңағы қасыңдағы түлкі жолдасыңды тауып бер деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды. Сонда да айтқаным жоқ, осы жаққа қарай келе жатыр, – дейді.

Түлкі:

— Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер! Мына тарыны екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе: «Білмейміз, қайда кеткенін» деңдер, – деп, тұра жөнеліпті.

Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 716



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі