Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Құрдастар) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Құрдастар туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Құрдастар

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Құрдастар)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Құрдастар) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Құрдастар) на казахском языке


Болдық біз де бір кездерде қыз, жігіт,
Сүйдік, күйдік кереметтей үздігіп.
Енді, міне, көктем өтті, жаз кетті,
Төрге шықты, егделіктей күз кіріп.
Ұлдар өсіп, қонып жатыр ұяға,
Қыздар өсіп, ұшып жатыр қияға.
Сондадағы адам жастық шақтарын
Ұмыта ма, кәрілікке қияма?..
Қолпашы боп қартаймайтын көңілдің,
Қызығына тоя алмайсың өмірдің.
Айлар ағып, жылдар жылжып жатады,
Зая кеткен еңбегіндей негрдің.
Дос-жараның сын көзімен қарайды,
Артық басқан адымыңды санайды.
Шалыс бассаң, табасына қаласың,
Алыс бассаң, ақылдыға балайды.
Өмір - өзен бір батасың, бір шығып,
Кең тыныс aп, сосын тағы тұншығып.
Алма бетті әжім шіркін шимайлар,
Өз дегенін істеп тынар тіршілік.
Біраз шаптың, ілестің де арынға,
Келіп-келмей ойға алғаның қарымға.
Мінезіңнен сәт сайын бір мін тауып,
Суық тартар жаныңдағы жарың да.
Ұмытасың «алмас қылыш» жарқылын,
Мойындайсың табиғаттың тәртібін.
Немерең кеп, «ата-әже» деп тұрғанда,
Жым боласың, шығара алмай артық үн.
Түсініңдер жырдан соққан мүсінге,
Бұл жазғаным болар әр кез күшінде.
Құрдастардың тағдырлары ұқсас қой,
Барлығы да осы өлеңнің ішінде!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Құрдастар туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Құрдастар, айтқали нәріков Құрдастар туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Құрдастар, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Құрдастар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке