Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Мерейлі мекен) » ZHARAR © 2018 | айтқали нәріков Мерейлі мекен туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Мерейлі мекен

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Мерейлі мекен)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Мерейлі мекен) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Мерейлі мекен) на казахском языке


Басыма ойлар келіп ала-құла,
Жүргенде жыр ілікпей қаламыма.
«Қарағым, аунап-қунап қайтсаңшы» деп,
Болады шақырғандай дала мына.
Жалғанда табынарым тұрақтылық,
Жүремін ауыл жаққа құлақ, түріп.
Сағынсам, қайдасың деп тартып кетем,
Достардың машинасын сұрап мініп.
Алтынмен аптағандай өңірді дәл,
Сап-сары егінжайға көңіл құлар.
«Тамырың бізше сенің берік пе?» деп,
Тұрады сынай қарап тобылғылар.
Шалынды көзге үйлер еңістегі,
Барлығы ұмтылғандай көріскелі.
Балалар топ-топ болып бара жатыр,
Малдарды қарсылауға еңістегі.
Кезім бұл жолдарыма гүл егілген,
(Бәсімді бір кісідей білемін мен).
Барлығын емірене сүйіп келем,
Ешкімді жатсынбайтын жүрегіммен.
Ауылым, мені әлдилеп тербетіп ең,
Бұла боп құшағыңда ержетіп ем.
Шаңытып көшелерің жатсадағы,
Табылмас сендей мекен жер бетінен..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Мерейлі мекен туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Мерейлі мекен, айтқали нәріков Мерейлі мекен туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Мерейлі мекен, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Мерейлі мекен) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке