Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жырсыз өткен жылдар)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жырсыз өткен жылдар) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жырсыз өткен жылдар) на казахском языке


Түсірмей шұғыласын бетіме Күн,
Босқа өткен жылдарыма өкінемін.
Алаңсыз еш нәрседен жүрдім қалай,
Бардай-ақ бір өзімнің екі демім.
Деуші еді арман серік мақсаттыға,
Қу тірлік мақсатымды ақсатты ма?
Тоқмейіл болып әлде кеттім бе екен,
Басымды айналдырып мансап мына.
Селдей бір жөңкіп жатқан жарды басып,
Әйтеуір, күндер жатыр алға ұласып.
Ac ішіп, аяқты құр босатқандай,
Өзіме-өзімнің жүр қарным ашып.
Мен талай тербеп едім бесігіңді,
Айтар деп күтіп жүрмін кесіміңді.
Жанымды мұңға бөлеп, өлең, досым,
Көп болды ашпай кеттің есігімді.
Тірліктің сүйресем де қол арбасын,
Іздейді қиял құсым қонарға шың.
Өзіме болам ыза сезген сайын,
Жылдардың жырсыз өткен оралмасын.
Қалайша жүрегімді құшпас жалын,
(Өзіме сенбей неге іс бастадым).
Құлдырап көз ұшында бара жатыр,
Қосылған жыр бәйгеге тұстастарым.
Кезім ғой әр нәрседен сыр ақтарған,
(Жеңілдік болмас бірақ бұдан маған).
Мен қазір ұқсап тұрмын бейнетқорға,
Ырыс боп маңдай тері құралмаған.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Жырсыз өткен жылдар туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жырсыз өткен жылдар, айтқали нәріков Жырсыз өткен жылдар туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жырсыз өткен жылда, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жырсыз өткен жылдар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке