Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жігерді жоқтау)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жігерді жоқтау) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жігерді жоқтау) на казахском языке


Арқалаумен келем әлі күйікті,
Ауыр салмақ жаншып жатыр иықты.
Қайсыңды қалайды екен бұл құдай,
Алады екен адамыңды сүйікті.
Ұлым менің, мұнша неге асықтың,
Өрлеп тұрған көңілімді жасыттың.
Қартайғанша неге күте тұрмайды,
Бұл ажалдан құтылады қашып кім?
Сабырлылық сақтағым-ақ келеді,
(Төзімімнің болар емес төлемі).
Орындалмас армандарың жанды жеп,
Түнгі ұйқымды жиі төртке бөледі.
Бала кезден шығып еді жақсы атың,
Биік еді алға қойған мақсатың.
Көз тиді ме, сөз тиді ме өзіңе,
Алла алама, көңіліне жақса кім?
Шешті тағдыр тілеуіңді бермеске,
Осылайша кете бардың, келмеске.
Еліңнің бұл еңселі ұлы боларын,
Түсіп жатыр, түсіп жатыр, енді еске...
Зор болашақ күтіп едім ұлымнан,
Гүлім болды ол тым ертелеу жұлынған.
Жақсы адамның қысқа болар ғұмыры,
Деген сөз бар келе жатқан бұрыннан.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Жігерді жоқтау туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жігерді жоқтау, айтқали нәріков Жігерді жоқтау туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жігерді жоқтау, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жігерді жоқтау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке