Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Келші, Көктем!)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Келші, Көктем!) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Келші, Көктем!) на казахском языке


Далада қар, өзенде мұз сіресіп,
Қыс пен көктем бір-бірімен тіресіп,
Жеңісе алмай, жұлқысуда тынымсыз,
Дара билік құру үшін күресіп.
Солай, солай табиғаттың тылсымы,
Біз білмейтін көп қой оның қыр-сыры.
Өз заңымен айналады ақырын:
Планета - жаратқанның ұршығы.
Ей, алтын Күн, қайда аптап ыстығың?
Атқарсайшы бір ерекше іс бүгін.
Жер бауырлап жатып алған кәрі қыс,
Сезінсінші өз халінің мүшкілін.
Кезің келсе, қарқын алып, өктемдер,
Қайда жүрсің азынауық өкпек жел?
Бір-біріне елшілерін жіберіп,
Хабар күтіп жатыр ма, әлде, көк пен жер.
Біз адамбыз - жылқымінез пендеміз,
Көңіл көкте, ал өзіміз жердеміз.
Қыс қария, жарылқасын алдыңнан,
Көктем жігіт, қош келдіңіз, төрлеңіз.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Келші Көктем туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Келші Көктем, көктем туралы өлең, коктем туралы олен казакша, айтқали нәріков Келші Көктем туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Келші Көктем, көктем тура, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Келші, Көктем!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке