Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Кішілік)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Кішілік) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Кішілік) на казахском языке


Шығарып күміс кірпік Күнді іргеден,
Өткенін жиырма бестің білдірмеп ең.
Қырыңда қалған жалын шағымды ойлап,
Жайым бар сезім отын күнде үрлеген.
Өмірім аумаса да екіндіге,
Керуенім жаңа бұрды бетін Күнге.
Төсіңе іздерім де көп түскен жоқ,
Тұсауым менің кештеу кесілді де.
Сіміріп самалыңды жанға дәрі,
Ауаңмен қасиетің жанға дарып.
Тебісіп телқұлындай өскен достар,
Егін caп, машина айдап, мал бағады.
«Атқамін, әйтпесе, бұл «бұзылғаның»,
Қайтерсің деп бірінің сызылғанын.
Тақайды енді бірі танауыма,
Қырманның көсіп алып қызыл дәнін.
Елтимін, қараймын да дала жаққа,
Толады көңіл шіркін қанағатқа.
Ауылым, мені дәйім дәмің ұрсын,
Қалдырар болсам сені жаманатқа.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Кішілік туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Кішілік, айтқали нәріков Кішілік туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Кішілік, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Кішілік) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке