Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ілесіп заман көшіне)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ілесіп заман көшіне) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ілесіп заман көшіне) на казахском языке


Бұл заманның сыр-сипаты өзгерек,
Жазатын жыр, айтылатын сөз бөлек.
Жеңіл ойлап жүрген жандар жетеді,
Түп тамырын көретұғын көз керек.
Ауыл анау, қала мынау - бір түсті,
Сырттан күтіп жатыр бәрі тың күшті.
Өз-өздерін жұбатып жүр ағайын,
«Бір ұядан шыға ма, - деп - кіл «тісті...»
Көп тежедік ойымыздың өрісін,
Заман бізден өш алуда сол үшін.
Жаутаңкөздік жараспайды біздерге,
Қиын кезде бермейді ешкім қолұшын.
Бәзбіреулер өткен күнді мақтайды,
Бәзбіреулер қазіргіні жақтайды.
Ағымына тосқауыл жоқ заманның,
Ешқашан да өзен кері ақпайды.
Дархан далам, қабырғалы қалам бар,
Енді жөн жоқ артқа қарап алаңдар.
Ілеспесек мына заман көшіне,
Жұртта қалып қоямыз ғой, жарандар!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ілесіп заман көшіне туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ілесіп заман көшіне, айтқали нәріков Ілесіп заман көшіне туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ілесіп заман көшін, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ілесіп заман көшіне) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке