Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Күнде кеңес)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Күнде кеңес) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Күнде кеңес) на казахском языке


Қоңыр тірлік бойыма шақтағаным,
(Алда шығар күтулі бақ-таланым).
Тез ашылған «дос» құшақ сескентеді,
Жасырмаймын мен одан сақтанамын.
Қарамаймын әркімнің қабағына,
Үңілмеймін ешкімнің табағына.
«Ақылгөйге» пысқырып қарамаймын,
Мойынсұнам өмірдің сабағына.
Өзімді-өзім осылай қайрап келем,
Күдігімді сенімге байлап берем.
Тасып-тасып кей кезде аламын да,
Бірте-бірте түсемін жайлап төмен.
Асау ойлар бір кезде салқындайды,
Енді күдік сенімді алқымдайды.
Күнде қырық құбылған, шіркін көңіл,
Таразының тіліндей қалтылдайды.
Бұл күйімді сырт көздер білген емес,
(Байқалмайды іштегі жүрген егес).
Сергектігін сезімнің сақтау үшін,
Өз-өзіммен құрамын күнде кеңес.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Күнде кеңес туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Күнде кеңес, айтқали нәріков Күнде кеңес туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Күнде кеңес, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Күнде кеңес) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке