Көбелек пен маса

 Көбелек пен маса

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан масаның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді.

Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да сес көрсетеді:

— Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер - менің мекенім! – деп әкіреңдейді. Бұған көбелек саспайды.

— Бұл қораның үсті ғой, қоға емес!

— Тақылдама, мойныңды үзіп аламын! – дейді маса ызыңдап. Бұған көбелек сақылдай кеп күледі:

— Күшің жетсе...

— Мен саған көресіңді көрсетемін, – дейді маса тызалақтап. — Мына ұзын тұмсықты қалың теріңе сұғып жіберіп, қаныңды сорып аламын!

— Мұныңа сенбеймін! – дейді, көбелек әдейі қарсыласып. Маса ыза боп, қоқаңдайды:

— Сенбесең, көзіңмен көр!

— Қане, көрсетші...

— Қара да тұр!

Осыны айтады да маса ұшып барып байлаулы тұрған өгіздің құлағына қонады. Сонан соң тұмсығын сұға бастайды.

Сол кезде өгіз артқы аяғымен құлағын қасиды. Маса теріге сұққан тұмсығын қайта шығарып үлгергенше, тұяқ тиіп, мылжаланып қалады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 049



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі