Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

 Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

— О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын.

— Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

— Егер, – дейді жылқы, – сирақтарым бұдан да ұзындау және сидаңдау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді. Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден де алымдырақ болар еді. Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...

— Жақсы, қалағаның болсын, – дейді күн жайраңдап, — сәл күте тұр.

Соны айтады да күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді.

— Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды күн.

Жылқы әлі де есін жыя алмай қалшылдап тұрады.

— Жо-жоқ...– дейді тілі күрмеліп.

— Ендеше, жөніңе жүр, – дейді күн жылқыға, — саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастапты. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын, әлі күнге дейін денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 070



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?