Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Егінжай)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Егінжай) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Егінжай) на казахском языке


Егіннің ырыс сыйлар бай танабы,
Самалмен жайлап қана жайқалады.
Елестеп көз алдымда тay-тay астық,
Көңілім молшылықтан жай табады.
Қыр жолы бара жатыр жыраққа алып,
Егінжай барлық сырын тұр ақтарып.
Ақ бидай кабинаға үңіледі,
Асығыс сапар жайын «сұрап» қалып.
Егінжай жетелейді алға дәйім,
(Қашанда далама мен сай болайын).
Осынау байтақ байлық авторлары,
Диқандар, өздеріңнен айналайын!
Диқанның күні сынақ, айы сынақ,
Жүрелік егінінің жайын сұрап.
Ал қазір өсірген сол мол астықтан
Тұрғандай жердің белі қайысып-ақ.
Егінжай, тек егінжай, қайда қара,
Алтын дән, тек алтын дән ойда дара.
А қтілеу анамызды қуантайық,
Тезірек машинаңды айда, бала!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Егінжай туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Егінжай, айтқали нәріков Егінжай туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Егінжай, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Егінжай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке