Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жұмбақ жас)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жұмбақ жас) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жұмбақ жас) на казахском языке


«Жаман қой ісегінде қартаяды,
Шымқұдық қас қағымда ортаяды.
Аруды алақанда ұстамаса,
Жиырмада алма беттен әр таяды».
Осылай мақалдайтын бір атамыз,
(Біз оның нақыл сөзін ұнатамыз).
Өзгенің кекселігін бірден байқап,
Жаспыз деп өзімізді жұбатамыз.
Сөзінде қариянық шындық басым,
Айтыпты сырды ұққасын, мұңды ұққасын.
Біреулер жанған отқа қарсы барса,
Біреулер бәрін құптар шұлғып басын.
Әр адам өзіне тән ғұмыр кешіп,
Қалайды бақытының ұлы іргесін.
Қонады ұл ұяға, қыз қияға,
Осылай ұзатамыз өмір көшін.
Сыры бай, жастық шақтың сыны керім,
Бітпестей көріп оны жүріп едім.
Бетіне келіндердің әжім түсіп,
Бозбас боп бара жатыр інілерім.
Уақыт жүрмес біздің ырықпенен,
Мен оның құпиясын біліп келем.
Жиырма бес, отыз бесім, хош бол енді,
Келіп тұр сыры жұмбақ қырық деген.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Жұмбақ жас туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жұмбақ жас, айтқали нәріков Жұмбақ жас туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жұмбақ жас, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жұмбақ жас) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке