Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жетелейді ілгері)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жетелейді ілгері) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жетелейді ілгері) на казахском языке


Алпысбай Мұсаевқа

Дегендей боп қатарыңнан қалыспа,
Жолдар мені шақырады алысқа.
Беймәлім күш алып шығып үйімнен,
Қосады әкеп, ұлы дүбір жарысқа.
О бастан-ақ құпиялы жалған кең,
Аттанамын үміт етіп алдан мен.
Өмір атты үлкен жолдың үстінде,
Кездесемін алуан түрлі жандармен.
Біреулері мақсат тұтып байлықты,
Мінез-құлқын осы жолға сай қыпты.
Жүргендерден татын жалап ақшаның,
Жүрегім сан, жүрегім сан шайлықты.
Ал біреулер биік ұстап арманын,
Соған ғана салады екен бар жанын.
Ұстай алмай қиялдағы елесті,
Санын соғып, шайнайды екен бармағын.
Өмір мына күрделі сол, күрделі,
Адамдардың сабылып бір жүргені.
Соғып тұрса кеудемдегі жүрегім,
Жолдар мені жетелейді ілгері!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Жетелейді ілгері туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жетелейді ілгері, айтқали нәріков Жетелейді ілгері туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Жетелейді ілгері, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Жетелейді ілгері) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке