Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ақкөлдегі алтыбақан)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ақкөлдегі алтыбақан) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ақкөлдегі алтыбақан) на казахском языке


Ажар Сейтеноваға

Ақкөлдің жағасында алтыбақан,
(Сәнімен сауық құру халқыма тән).
Атанып ақын, әнші неге керек,
Осындай кездерде бір шалқымасаң!..
Мекені айдын көл мен жасыл құрақ,
Ащулар сұңқылдайды басын құрап.
Дауысы Жалпақталға жетіп жатқан,
Қырық қыз, қырық жігіт басым бірақ.
Бұл өңір ала жаздай тық тұр еді,
Сауықшыл жандарменен бір түледі.
Жайқалған көк шалғынга әтір сеуіп,
Бір керім жылы жаңбыр сіркіреді.
Ошақтың мұржасынан от өріліп,
Жалынын ерке самал кетеді іліп.
Ән менен жыр кернеген киіз үйдің,
Түндігі жатыр жиі көтеріліп.
Мәңгілік бұл жалғанда тұрмас адам,
Көңілін тербеткендер сырлас оған.
Өмірден бізден бұрын өткендер де,
Осындай сауықпенен бір жасаған.
Кім қандай? Алақанға салып беріп,
Тұрады бәрі-бәрін халық көріп.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ»,
О бастан өнерліні дәріптелік!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ақкөлдегі алтыбақан туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ақкөлдегі алтыбақан, айтқали нәріков Ақкөлдегі алтыбақан туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ақкөлдегі алтыбақа, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ақкөлдегі алтыбақан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке