Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бейтаныс ару)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бейтаныс ару) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бейтаныс ару) на казахском языке


Қосылма, қосыл мейлің, еріктісің,
Түседі бірден көзге көрік, мүсін.
Ажары сол арудың тұрады ылғи,
Алматы апортының беріп түсін.
Ол менің емес тіпті танысым да,
(Беймаза ой соңғы кезгі табысым ба?)
Алдыңнан шыға келсе, алқынасың,
Адамдай түсіп тұрған жаны сынға.
Әйтеуір, көңіл шіркін алабұртып,
Бақшамнан жыр құсы да барады үрки
Көгінен көңілімнің кетпей қойды ол,
Бейне бір бұла мінез бала бүркіт.
Десек тe бір қарап-ақ ұғалықшы,
Нәркес көз тырп еткізбес бұғалық шын.
Аруым, қарсы келсек, сен өзің де,
Ұрланып қарайтынды шығарыпсың...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Бейтаныс ару өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бейтаныс ару, айтқали нәріков Бейтаныс ару өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бейтаныс ару, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бейтаныс ару) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке