Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әлі алдан...)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әлі алдан...) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әлі алдан...) на казахском языке


Әлі алдан үміт етіп келем мен,
Ассамдағы талай қырқа, белеңнен.
Сыйластар да сырт айналар бір кезде,
Айырмасын деп тілеймін өлеңнен.
Күндіз-түні қағаз-қалам алдымда,
Жанды баурар бір тылсым бар мұнда.
Шаршағанда аунап-қунап қайтамын,
Өзім өскен өңірдегі шалғынға.
Қоңыраумын шығаратын қоңыр үн,
Сергектіктен жаңылмайды көңілім.
Той іздемей, ой іздеумен өрелі,
Өтіп келе жатыр менің өмірім.
Қанағат қып бар нәрсеге қолдағы
Жүрген жанмын, көпке мәлім ол жағы.
Ұрпақтарым, менен байлық күтпеңдер,
Жұрт оқитын жыр қалдырсам болғаны!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Әлі алдан... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әлі алдан..., айтқали нәріков Әлі алдан... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әлі алдан..., Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әлі алдан...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке