Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әке)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әке) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әке) на казахском языке


Алға қарай басып келем нық қадам,
Дауылдарға арқа тосып ықтаман.
Әке, өзің от кешуге кеткенде,
Сәби екем қырқынан да шықпаған.
Ол жылдардың біліп өстім мән-жайын,
(Жүректе жыр, көмейімде ән дайын).
Бір сипар деп сенің алақаныңды,
Аңсап келе жатыр әлі маңдайым.
Берілгем жоқ буына арзан желіктің,
Алға қойған мақсатыма берікпін.
Сұрапылға аттанған сол жылдағы,
Әке, сенің жасына да келіппін.
Келемін мен еңбек етіп, тер төгіп,
Осылайша жақындайды ертеңім.
Тіледің де ұлым аман болсын деп,
Қызыл отқа кеттің өзің өртеніп.
Жасыра алман көңілімде мұқ барын,
Бір өзің деп үздігумен жұр жаным.
Алып барам соғыс жайлы киноға,
«Атам қайда?» деп сұраса ұлдарым.
Шашылмайды енді менің тұнығым,
(Сескенгенге сенім деген тық ұгым).
Мәуесі мол шынар болды бұл күнде,
Әке, өзің еккен бір тал шыбығың.
Мен де бағбан, жүре алмаймын найқалып,
(Әке, өзіңе ұқсастығым байқалып),
Күні ертең-ақ ну орман боп кететін,
Шыбықтарым келеді өсіп жайқалып.
Тұла бойға қуат тасып от жүрек,
Шынарларым шыға келер көк тіреп.
Төкіректі жіті шолып тұрмын мен,
Орманыма өрт түспесін деп тілеп!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Әке өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әке, айтқали нәріков Әке өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әке, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әке) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке