Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Біргемін)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Біргемін) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Біргемін) на казахском языке


Бұл жалғанға қонақпыз сол кемді күн,
Дайынбыз ба арқалауға ел жүгін?..
Білген жанға сұрауы бар судың да,
Біздер үшін тер төгеді енді кім!
Өтседағы өмірімнің көктемі,
Осы ойлар мазалайды көп мені.
Мансапқорлар күйттеп кетіп бас қамын,
Көпе-кернеу көпшіліктен шеттеді.
Бір-бірінен айла-шарғы асырып,
«Пысықтар» жүр елдің құтын қашырып.
Ала жіпті аттамаған тектілер,
Амалсыздан қалталыға бас ұрып...
Бірте-бірте ашылғандай араны,
Мына заман қайда бастап барады?
Жоқ-жұқаның жағдайы тұр ауырлап,
Қайда барып, жанға сая табады.
Ағайыным, ауылдасым, іргелім,
Алдарыңда - қалай өмір сүргенім.
Біздің түтін сізден бөлек ұшпайды,
Өздеріңмен өмір бақи біргемін.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Біргемін өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Біргемін, айтқали нәріков Біргемін өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Біргемін, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Біргемін) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке