Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір ағаның айтқаны)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір ағаның айтқаны) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір ағаның айтқаны) на казахском языке


Кездерім аз болған жоқ бүрсеңдеген,
(Соғыстың зардабына кім көнбеген).
Aт жалын тартып мінер күн туса егер,
Үлде мен бүлде оранып жүрсем деп ем.
Ал қазір өкпе айта алман тұрмысыма,
Заманым жарылқап тұр, гүлді ұсына.
Маңдай тер дәулет болып, ырыс болып,
Ілесіп келіп жатыр жыл құсына.
Кезім жоқ келер күнмен жалғанбаған,
(Сан бақыт кезігеді алдан маған).
Киіп aп, құмардан бір шық дегендей,
Үлдем мен бүлдем дайын армандаған.
Оларға қызықпаймын бірақ тағы,
Арманы бала кездің жырақтады.
Жанымды сақтап қалған көне күпім,
Көп жылдан қақ төрімде тұрақтады.
Мен соған қараймын да ойға кетем,
Қанағат болса, көңіл тоймақ екен.
Құйаңды ашта жеген, тоқта ұмытып,
Өткенді бүгініңнен қойма бөтен.
Қазақтың аңызы көп, мақалы бай,
Бірінен-бірі терең жатады ұдай.
Естелік көз алдыңда тұру керек,
Әйгілі Аяз бидің шапанындай!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Бір ағаның айтқаны өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бір ағаның айтқаны, айтқали нәріков Бір ағаның айтқаны өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бір ағаның айтқаны, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір ағаның айтқаны) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке