Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әнші Жұмағаным Рахимова)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әнші Жұмағаным Рахимова) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әнші Жұмағаным Рахимова) на казахском языке


Қазақтың бұлбұл қызы Күләш еді,
Күләштің бұлбұлдығы рас еді.
Жайықтың жағасында сайрасын деп,
Аманат еткен шығар, сірә, сені.
Әрқашан өрісі кеп өнерлінің,
Халқының көңілінің терер гүлін.
Жарқ етіп, сахнаға шыға келші,
Шабытқа шабыт қоссын келер күнің.
Жол тартып Тасқаладан астанаға,
Көріндің қатарықнан жаста дара.
Сан алуан саңлақтарды мойындатып,
Оралдың туған жерге - бастамаға.
Біреулер мақтап жатыр ұнағанын,
Қолпаштық тауып жатыр мық амалын.
Ал сенің өнердегі орның бөлек,
Ешқашан сарқылмасын бұлақ-ән.
Жалындап тұр ғой, қалқам, жаның әлі,
(Биіктер ойыңдағы алынады...)
Өзіңді қаумалаған халық, қауым,
Талай жыл талантыңа табынады.
Бойыңда пенделіктен дарын басым,
Басыңнан бұл бақытың арылмасын.
Күн сайын көзайым боп жүре берші,
Жез таңдай, күміс көмей қарындасым!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Әнші Жұмағаным Рахимова өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әнші Жұмағаным Рахимова, айтқали нәріков Әнші Жұмағаным Рахимова өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Әнші Жұмағаным Рахимо, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Әнші Жұмағаным Рахимова) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке