Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бастан кешіп...)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бастан кешіп...) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бастан кешіп...) на казахском языке


Төңірегім мұнша неге тарылды,
Кешіп келе жатқандаймын жалынды.
Оңымды ор, солымды cop қоршап aп,
Тығырыққа тіреп қойды жанымды.
Қозыкөш жер болып қалды өрісім,
Ұмтылмайтын болдым алға төр үшін.
Ой мен сана екі жаққа тартады,
Таласады, таппай ешбір келісім.
Кімдер бастан кешті екен бұл жайды
Үміт кеміп, күдік деген ұлғайды.
Бітімі мен бет-бейнесін көрсетпей,
Бір елестер алыстан қол бұлғайды.
Аңдай алмай олардың не екенін,
Тылсым күштің жетегінде кетемін.
He де болса, мойынсұнып тағдырға,
Бұл өмірге разы боп өтемін.
Қай кезде де дария - құт, жас - үлгі,
Жалғайды ұрпақ ғасырларға ғасырды.
Бұл жасыма жасқанбастан кеп тұрмын,
Тауға соғып, тасқа соғып басымды.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Бастан кешіп... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бастан кешіп..., айтқали нәріков Бастан кешіп... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бастан кешіп..., Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бастан кешіп...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке