Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бес белес)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бес белес) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бес белес) на казахском языке


Ашып тұрмын алтыншы ондық есігін,
(Еміс-еміс естілді елге есімім).
Деген сөз бар «ердің жасы екі елу»,
Ортасына келдім өмір көшінің.
Дей алмаймын - жолым бірден ашылды,
Тауға соқтым, тасқа соқтым басымды.
Сыйлағандар еңбегімді сыйласын,
Бұлдамаймын жеткен осы жасымды.
Бәзбіреудей айла-шарғы іс қылып,
Танытпадым «күштілік» пен «тістілік».
Мice тұтып азаматтық ақ жолын,
Мансабыңа қарамадым пысқырып.
Жасырмаймын - ыссы менің мінезім,
Отауызбен талайларды «түзедім».
Зиян-пайдам бірдей тиген болар-ау,
Бұл арада несін оның тіземін.
Ұтылмайтын жерлерде көп ұтылдым,
Тұтылмайтын жерлерде көп «тұтылдым».
Тағдыр қанша талқысына салса да,
Қашқан кезі болған емес құтымның.
Сайран салып жүруімнің бар мәні,
Бөрімін мен! Және соның арланы!
Жамбыл жастың өткізіппін жартысын,
Қалай болар екен енді аржағы?..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Бес белес өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бес белес, айтқали нәріков Бес белес өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бес белес, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бес белес) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке