Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ғабдолла Тоқай)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ғабдолла Тоқай) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ғабдолла Тоқай) на казахском языке


Болмас бұған ешкімнің де таласы,
Қазақ, татар бір атаның баласы.
Абай, Тоқай ағайынды ақындар,
Егіз елдің екі бірдей данасы.
Осы Орал Тоқайға ашып құшағын,
Жеңілдетті ауыр дертін құсаның.
Ақ Жайықтың кәусар суы шипа боп,
Жетілдірді жас баланың күш-әлін.
Туыс болса, дерсің қалай жат ұлы,
Дарындылар дархандардың жақыны.
Ғабдолланың жанын сақтап қалды ғой,
Қазақтардың көмеші мен қатығы.
Досың болсын жан сырыңды ұғарлық,
Уәде берсе, сол сөзінде тұрарлық.
Татар достар, айтпассыңдар қате деп,
Тоқайды біз шайыр етіп шығардық.
Білдік біздер толысарын-толарын.
Бала Тоқай, дана Тоқай боларын.
Бұл өмірден тым ертерек өтті деп,
Қайғырумен күн кешуде Оралым.
Мұңы бардың, жүрегінде жыры бар,
Жырың болса, ел де саған бұрылар.
Шын достықты өсиет қып кетті ғой,
Абай менен Тоқай сынды ұлылар.
Кездеспесін халқымызға тосын сын,
Достық ізі әрі-бері жосылсын.
Матур қыздар ұлдарыма жар болып,
Төскейде мал, төсекте бас қосылсын!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Ғабдолла Тоқай өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ғабдолла Тоқай, айтқали нәріков Ғабдолла Тоқай өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Ғабдолла Тоқай, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Ғабдолла Тоқай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке