Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Дарабоз)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Дарабоз) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Дарабоз) на казахском языке


Қадыр Мырза Әлиге

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.
Халқымызда болған талай ұлы есім,
Елдігіме қосып кеткен үлесін.
Жас отауға қадалып тұр көз сұғы,
Сондықтан да бітпек емес күресім.
Көкке ұшырып жіберсем де күліңді,
Біреулердің жат пиғылы білінді.
Байтағыма аш көздерін алартып,
Тәлкек етіп жатыр ана тілімді.
Ортамызда отырғанда шын дарын,
Жасыра алман көңілімде мұң барын.
Макинтошты миғұлаға жетпей жүр,
Шындықты айтып шырылдаған жырларың.
Армандаймыз ел болсақ деп іргелі,
Түк бітірмес, төбеттердің үргені.
Әншейінде арқыраған жігіттің,
Қарабастың қамын күйттеп жүр көбі.
Төзіміне сеніп қалың халықтың,
Алдымыздан күтіп жүрміз жарық күн.
Ұйқысынан кеш оянған алыппыз,
Қозғалуы жай болады алыптың.
Мұның бәрі, аға, өзіңе белгілі,
Иығыңда өлең жүгі - ел жүгі.
Туған жерге көз қырыңды сала жүр,
Ақ Жайықтың абызысың ендігі!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Дарабоз өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Дарабоз, Қадыр Мырза Әлиге арналған өлең, айтқали нәріков Дарабоз өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Дарабоз, Қадыр Мырза Әлиге арналған ө, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Дарабоз) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке