Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір сәттік мойындау)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір сәттік мойындау) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір сәттік мойындау) на казахском языке


Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».
Жан емеспін өйтіп-бүйтіп амалдар,
Жалғандықты тез байқайды адамдар.
Жыр алдында көтердім мен ақ жалау,
Қайтем, егер алынбаса қамалдар.
Мына ойды келем әбден пысықтай:
Тек жүрейін, жұрттың ішін пысытпай.
Жалпақ елді жалт қаратар жырым жоқ,
Болмайыншы сүтке тиген мысықтай.
Өлеңшілден өлермендер үмітті,
Жасық жырмен кім биікке шығыпты.
Атам қазақ жазғырмаған, сыйлаған,
Жеңілгенін мойындаған жігітті!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Бір сәттік мойындау өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бір сәттік мойындау, айтқали нәріков Бір сәттік мойындау өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Бір сәттік мойындау, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Бір сәттік мойындау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке