Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Достық туралы)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Достық туралы) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Достық туралы) на казахском языке


Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,
Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.
Достық болып оралады өзіме,
Өздеріңе жасап жүрген достығым.
Болсадағы қазан басқа, от басқа,
Жарасады жүрісіміз топтасқан.
Бәріміздің мұңаяды жүзіміз,
Бірімздің көңіліміз «тоттанса».
Болсын аулақ тоттану мен мұңдану,
Одан да біз достық жырын тыңдалық.
Жүрегіміз ақ таңменен апталсын,
Қалсын шетте қап-қара боп түн налып.
«Есепті дос айырылмайды» дегенге,
Мақал ғой деп, бір айтыспай көнем бе?
Тек достықтан қуат алып тұрғандай,
Ып-ыстық қан жүйткіп жүрген денемде.
Достық деген өлшенбейді безбенмен,
Қасиетін ұга алмайды кез келген.
Достық деген Қыз Жібектей ару ғой,
Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Достық туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Достық туралы, Достық туралы өлең олен стих, айтқали нәріков Достық туралы өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Достық туралы, Достық туралы өл, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Достық туралы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке