Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Аға ақын алдында)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Аға ақын алдында) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Аға ақын алдында) на казахском языке


Сен - бәйтерек, інің бұл - балғын құрақ,
Бір жаңа әуен жақында алдым құрап.
Өнер деген бәйге ғой, ал бәйгенің,
Әрқашан да арты шаң, алды жырақ.
Сынай қарап жүрсің-ау шабысыма,
Кем қуанбай өзімнен табысыма.
Мен шаң қауып, қатардан қалып қойсам,
Кетесің-ау күйіп сен намысыңа!
Шыбын жанға күндіз-түн бермей тыным,
Терлейтұғын шақ келді, өрлейтұғын.
Жалын барда жүректе лапылдайын,
Қайта айналып жастық шақ келмейтұғын.
Елден бұрын жайым жоқ тұрмасыма,
(Табандылық жетпеді бір басыма).
Күндіз кеңсе, ал түнде отырамын,
Дәптеріме түсіріп жырды асыға.
Әр жаңа таң кеудеме құяды ағын,
Саусақтағы сүрткізбей сия дағын.
Жаңа жырға қоймасам соңғы нүкте,
Көрінуге көшеде ұяламын.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Аға ақын алдында өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Аға ақын алдында, айтқали нәріков Аға ақын алдында өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Аға ақын алдында, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Аға ақын алдында) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке