Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (1996 жыл)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (1996 жыл) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (1996 жыл) на казахском языке


Тіршіліктің күнделікті күйбеңі
Ойымызды, бойымызды биледі.
Ертелі-кеш бос сенделіп жүреміз,
Осы ма тек бізге үлеске тигені?
Шындығында көп шығындап, аз алған,
Кейбіреулер «күн көріп» жүр базардан.
Алшысынан түсіп ылғи асығы,
Кейбіреулер тac мүсіндей сазарған...
«Қайда кетті» деп халықтың байлығы,
Ауылдағы ағайындар қайғылы.
Заман желі оңды-солды соғып тұр,
Жоқ-жұқаны сескендіріп айбыны.
Бұл сөздерді кім айтады жалған деп,
Өткен күндер бара жатыр арман боп.
Ештеңені ойламайтын сияқты,
Орта жолда әрі-сәрі қалған көп.
Сырт қарасақ өмір деген осындай,
(Болып жатыр ойламаған тосын жай).
Бірақ. Бірақ. Өз қолыммен жазсам да,
Жүрегім тұр жазғаныма қосылмай.
Тереңірек ойланайық, ағайын!
Жалтармайық, бетке тура қарайың.
Сәби жасы - осы бес жыл ішінде
He жоғалтып, нені таптық санайық!
Бой алдырып қайдағы бір елеске,
Жоқ түрініп түстік талай егеске.
Енді қазір егеменді ел болып,
Баба арманы орындалды емес пе?
Атып келе жатыр жарық таңымыз,
Соған сәйкес жаңарсыншы жанымыз.
Ұлы жолда кедергі көп боларын
Ұғынбаған секілдіміз әлі біз.
Нысана етсе, бір таудан соң бір тауды,
Жолаушыға бола бермес тым сайлы...
Даламызды, санамызды тұқыртқан,
Оңай емес бұзып шығу құрсауды.
Ей, замандас, бұл сөзіме бас ұрғын,
Арзан емес, сынығымыз асылдың.
Алып шықсын әділеттің ақ жолы
Биігіне келе жатқан ғасырдың.
Енді бағыт болмақ емес жол ескі,
Ол жолдағы іздеріміз көмескі.
Шүкір! Шүкір! Айдай әлем мойындап,
Өзгелермен тереземіз теңесті!
Бізді алысқа апармайды желік нұр,
Әр адымды аттаған жөн сеніп бір.
Ел тағдырын тапсырамыз кімдерге,
Заман болса, өлараға келіп тұр.
«Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды!»
Осылайша атам қазақ толғайды.
Қиындардың қиынынан жол табар,
Азаматын, сенем, халық қолдайды!
Елің үшін жанды қина, күн-түн жүр,
Ішің жалын, болсын бірақ сыртың гүл.
Дәл осындай, дәл осындай адамға
Береміз біз екі тізгін, бір шылбыр!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков 1996 жыл өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, 1996 жыл, айтқали нәріков 1996 жыл өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, 1996 жыл, Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (1996 жыл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке