Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Адамда...)

Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Адамда...) казакша Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Адамда...) на казахском языке


Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?
Кеуде тосқан боран менен дауылға,
Атанжілік достар бар-ды ауылда.
Күрмеуіне келмей жүр ме қысқа жіп,
Түк естілмей кетті олар жайында.
Көңіліме қайтіп медеу табамын,
Сүргылт тартып бара жатыр алабым.
Қайда кеткен, қайда кеткен құнары,
Түгін тapтca, майы шыққан даланың?
Тоқтамайды тіршіліктің арбасы,
Бүгінгі күн, кешегінің жалғасы.
Ағайынның салы суға кетіп тұр,
Азайған соң талшық етер мал басы.
Шаңыраққа шапағатты бақ қонып,
Қонақтары отыратын қақ толып.
Бір-бірінің есіктерін ашпайды,
Туысқандар бара жатыр жат болып.
Сын тағумен мына қилы заманға,
Жас келген соң, кінәмшіл боп барам ба?
Жақсы-жаман көктен түсе қалған жоқ,
Бәрі-бәрі мына бізде - адамда!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, айтқали нәріков Адамда... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Адамда..., айтқали нәріков Адамда... өлең стихи на казахском айткали нариков казакша олен, айтқали нәріков өлеңдері, айткали нариков олендери, айткали нариков все стихи на казахском языке, айткали нариков стихи на казахском языке, Адамда..., Қазақша өлең: Айтқали Нәріков‎ (Адамда...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке