Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Чили - шуағым менің)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Чили - шуағым менің) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Чили - шуағым менің) на казахском языке


Пабло Нерудаға ескерткіш.

1
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Ақын келсе өмірге, қуанамын,
Ақын өтсе өмірден - жылағаным.
Барлық ақын - баласы бір ананың.
Барлық ақын - бауыры тірі адамның!
Тұтандырсам бірінен жыр алауын,
Бірінен қасиетті сыр аламын.
Тәңір деген жоқ қой,
Жоқ!
Бар болса егер,
Ақындарға тиме деп сұранамын.
Ақын - халық перзенті қашаннан да!
Халқыменен қартайған, жасарған да.
Болашағын халқымен қоса армандап,
Ақын туған, дүние жасалғанда.
Момын өтпес ақыннан қашаннан да.
Өмірге нұр, қаһарын шашар жауға.
Өткен, сірә, ақыннан асау бар ма?!
Жазмыш деген жоқ қой,
Жоқ! Бар болса егер,
Тиме дер ем ақынға, асау жанға!
Бұйырар ем жендетке бас алмауға
Өлді ақындар...
Ақындар туар тағы,
Талай-талай ұрпақты қуантады.
Қаза болар ғасырлар, замандар да,
Адамдарға жырымен тұмар тағып,
Тірі Байрон, Пушкиндер тұрар тағы!
Тарих па?
Тарих қуаң тартып,
Қуаң тартып, алыстан мұнартады.
Ал ұрпақтар шындыққа құмартады.
Ақиқатты іздейді, табады олар -
Паблоны, Хосені, Лорканы...
Біледі олар бір кезде таң да атқанын,
Атқан таңның азапты зардаптарын,
Кешіп жүріп ғасырдың қан-батпағын,
Азаптанып жаңа өмір орнатқанын -
Құрбан болған Бостандық солдаттарын
Мен сеземін ұрпақтар ардақтарын!!!
О, Бостандық!
Мен сені құдай көрем.
Құла десең, алдыңа құлай берем.
...Чили! Чили!
Ақынын аза тұтып,
Күңіреніп күй, күйзеліп жылайды өлең.
Жоқ қой.Жоқ!Жоқ!
Бар болса құдай деген,
Тура қарап жүзіне былай дер ем:
Тағы да қан,
Тағы ойран танымалы.
Тағы да дар...
Тағы кім таңылады?!
Тағы түрме...
Тағы кім жабылады?!
Кандыбалақ қарақшы қару алып,
Аңырады адамдар, аңырады.
Бостандығын халқының қайтарып бер,
ЬІрза болсын ақынның аруағы!!!
Топырақтан, тозаңнан теріп келген,
Бостандығын бер оның өліп көрген!
Қара күшке сенбісің желік берген?
Вольпарамса ілесіп бара жатыр,
Бостандықтың құрбаны - өліктермен.
Өліп көрген айрылған ерікті елден,
Паблоға, бар болсаң, бостандық бер,
Отанымен қоштассын келіп көрден.
Соқтығыс басталғанда сойқаңдаған,
Сорлы ақын соңғы сөзін айта алмаған.
О Тәңірі!
Жоқсың ғой, болсаң егер,
ГІаблоны - бауырымды қайтар маған!
О, Чили!
Топырағыңда жатқан кұрбан,
Ақын еді дүние мақтан қылған.
Ол сені сақтандырған,
Сақтандырған!
...Саулығын Паблоның біліп қайт деп,
Ақындық рухымды аттандырғам,
Сол кезде жауың саған қақпан құрған...
Белгісіз,
Таң ба?!
Түн бе?!
Белгісіз түн де өтуде,
Күн де өтуде.
Шынымен мынау менің суретім бе?!
Жап-жасыл көбелектей гүл бетінде.
Әлсіз жүрек әлсіреп,
-Сенсің,- дейді
Соқсын жүрек, ауру жеңсін мейлі.
Соны жыр - соңғы жыры жазылса екен,
Сонан соң, өлсін мейлі,
Көмсін мейлі.
...Қаз қатар дәрігердің шипасы тұр,
Ішпепті.
Қаз қалпында, менсінбейді.
Көптен бері дәрігер жүр өкпелеп,
-Бергенді іш, жүрегіңді жүдетпе,- деп.
Қабылдамай жатыр ғой, қайтпек енді,
Дәріні ішуге де жүрек керек.
Ақын күнде қоштасар өмірменен,
Ақын үшін, белгілі өлім деген.
Ақын, әсте, өлем деп қорықпайды,
Кете ме деп қорқады көңілде өлең,
Аяқасты ажалмен, өлімменен.
Әр өлеңі - ақынның соңғы өлеңі,
Соңғы рет жөндегені, өңдегені.
Өзі тірі кезінде жыры өлсе егер,
Намыс үшін шын ақын сонда өледі.
Шын ақынның көңілін сол бөледі.
Әлде түн бе, ақ таңның кезі ме еді,
Бір сәт ақын әлсіреп көз іледі.
Көзін ілсе, Мадрид көшесінде,
Баяғы жас шағындай сезінеді.
Но пасоран!
Фашизм...
Бала қаны...
Бала қаны - кәдімгі бала қаны.
Бала қанын теңемей жыр жазады,
Бала қаны дей салып баламаны.
Көмір дүлей фашизм, темір дүлей,
Испан жерін таптайды тебінгідей.
Бір сәт оны биікке шақырады,
Эренбург, Лорка, Хемингуэй...
Баяғыдай өртеніп, қала жанған,
Жанған оттың ішінде ана қалған.
Баяғыдай тебіреніп жыр ойлайды,
Көзін алмай панасыз балалардан.
Әлде түн бе?
Ақ таңның кезі ме еді?!
Талып барып, әзерге көз іледі.
Көзі ілінсе, селк етіп оянады,
Мәңгі ұйықтап кететіндей сезінеді.
Есіл ақын өзіне тұр өкпелеп,
Тұнған ойы тірілер түнекке кеп.
Әрбір жыры - ақынның соңғы жыры,
Соңғы жырды жазуға жүрек керек.
Ақау түсті ақынның жүрегіне,
(Алдақашан халқы оны біледі де.)
Қараң қалған столда, қараң қалған,
Қаламына қарайды, тірегіне...
Сапар шегіп кетеді жыр еліне.
Ақын тағы жазбақшы соңғы жырын,
Соңғы сырын айтпақшы, соңғы мұңын.
Сақтандырып халқына және айтпақшы
Қара күштің қаталдық сорлылығын.
Отанына шақпақшы ооңғы мұңын.
Көктемгі аспан секілді күркіреген,
Тастадың ба ақынды, шіркін өлең?!
Құлпыланып қалған ба қайран жүрек?!
Аурудың ашылмас кілтіменен?!
Қайда нөсер баяғы сіркіреген?
Қайда шабыт ақынмен бір түнеген?
Қаламына әлсіз қол қарманады,
Соңғы жырын халқына арнағалы.
«Жалпыға ортақ жыр» жазған жалын жүрек,
Жалқы басып жырлауға арламады.

Басталуың қиын-ау шіркін өлең,
Шіркін өлең, басталсаң, дүркірер ең.
...Қайран ақын тағы да қалғып кетті,
Адамзатқа шуақты күн тілеген.
Күзетіп жүр періште шіркін өлең.
...Тағы да түс...
...Тағы да сандырақтар.
Сандырақтар - суалған сан бұлақтар.
Тағы да Испания аспанында.
Жанды оттар,
Жан-жақтан жауды хаттар.
Жауды хаттар, жазалап жауды даттар.
Құлағанша өртеніп бара жатты,
Қырандар - қызыл тулы арғымақтар.
Өрт қаптады,
Өршітіп желікті жел,
Көк түтінге көмілді көрікті жер.
Салтанатпен caп түзеп бара жатты,
Жер шарынан жиналған Еріктілер.
Испания халқына ерікті бер!!!
Тағы да бала қаны...
Кәдімгі бала қаны.
Алақаны - баланың алақаны...
Аштықта Испания балапаны!
Испания, шыдай түс, таң атады!
(Ақынның үнін естіп бүкіл әлем,
Бар сыйын балапанға таратады.)
Тағы да сандырақтар, сандырақтар...
Түсіне енді теңіздер. тау, қыраттар,
Ормандар, гүлдер, көлдер, бал құрақтар
Соңғы жырын жаза алмай ақын жатыр,
Ақын жатыр...
Жауапсыз қалды хаттар.
...Ол оянды зеңбірек дүрсілінен,
Тозаң ұшты гүлдердің бүршігінен.
Аласапыран не деген тіршілік ең!
Қала бойын жазбады күрсінуден.
Түсім бе деп ойлады,
Өңім бе деп.
Кереметтер ойнады,
Көңілге кеп.
Соңғы жырды жазуға қамдан ақын,
Соңғы күрес басталды.
Өмір керек!
He болар түн белгісіз, не болар күн.
Білесің ғой, Парижден неге оралдың.
Үнін өшір,
Бас көтер поэзия!
Үнін өшір үрейлі генералдың!
Естисің бе, қара күш долданады,
Көресің бе еліңді қорлағанын?
Кері айналып танктің доңғалағы,
Кері айналтпақ тарих доңғалағын.
Қаламыңды қалайда қолға ал, ақын.
Түсіңде емес, өңіңде мынау ойран,
Отаныңа, арыңа кінә қойған.
Азаттықты аңсаған азаматтың
Жүрегінен жұлдызша тұмар ойған.
Түсіңде емес, өңіңде мынау ойран.
Есіңде ме Мадрид?
Бала қаны.
(Баламасын сен тапқан бала қаны).
Ақыл сұрап Чили тұр ақын сенен,
Шие-шие қан болып алақаны.
Өмір бойғы арманың, тілегіңнің,
Бағы өртеніп барады гүл еліңнің.
Майданында азаттық ақау шалған,
Қалғанын бер халқыңа жүрегіңнің.
Түсінемін сені мен, бауырласым,
Сен ауырсаң, ел үшін ауырғасың.
Айтар сөзін айтсын да, өлсін ақын,
Ақындардың Отаны ауырмасын!
Соңғы жыры ақынның жазылғасын,
Дамылдасын, қара жер қабылдасын,
Отан!
Отан!
Отаны ауырмасын!
Ойран болса егер де жер бетінде,
Ол - алдымен ақынның келбетінде.
Жер жарасын болар-ау жөндетуге,
Ақын жанын болмайды емдетуге!
Есіл ақын күйзелдің сен де, түнде,
Сызат алған жүрегің,
Дәрменің жоқ,
Соңғы жырмен халқыңды тербетуге.
...Әлсіз жүрек.
Әйнектен қарайды ақын.
Өмір...
Өлім...
Арасы қалай жақын!
Терезенің алдында Чили тұрды.
- Қалай халің, Пабло, қалай халің?
Қалайда біз жеңеміз, қарайла ақын?!
Қауқарсыз қол қаламға қарманады,
Қайран жүрек қайтеді,
Қалмады әлі.
О, Чили! - деді-дағы, соңғы жырын,
Әлсіреп,
Әзер-әзер жалғады әрі.
О, Чили!
Чили...
Чили...
Күн шуағы...
Соңғы жырын жазбақ боп тыншымады,
Қайран жүрек қапаста тұншығады.
Чили!
Шуақ...
Шуағым! - деді-дағы,
Бір сәтте кетті сөніп жыр шуағы.
Сапарын соныменен тамамдады,
Ұлы ақын мынау ұлы замандағы.
Күйзеліп, күңіреніп тұрып алды,
Көшесі, Сантьяго алаңдары.
Табытының үстінен оқ борады,
Ақынның тіршіліктен жоқ хабары.
Әйтеуір әйнегінен от жанады,
Жүр ме екен өлі ақынды соттағалы?!..
Әлі де үйін тору тоқтамады...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Чили - шуағым менің өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Чили - шуағым менің, мұқағали мақатаев Чили - шуағым менің өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Чили - шуағым, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Чили - шуағым менің) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке