Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі) на казахском языке


Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де аласамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі -
Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей.
Күн де оның баурайында дөңгелеген,
Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш бар жерге деген.
Тік тұр ол.Қырын қарап сай-салаға,
Күн көркі, Көк - мекені, Ай - шағала.
Қалғымай қанша жылды өткерді екен
Тәкаппар Тянь-Шаньдағы қайсар аға?
Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын,
Тапалдан талайлар-ақ татар жұғын.
Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,
Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Хан тәңірі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Хан тәңірі, мұқағали мақатаев Хан тәңірі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Хан тәңірі, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Хан тәңірі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке