Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қай күні менің тәмамдалады дастаным?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қай күні менің тәмамдалады дастаным?) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қай күні менің тәмамдалады дастаным?) на казахском языке


Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңадан ғана бастадым.
Биіктей берсін, биіктей берсін,өкінбен,
Мұнартып тұрған иындарым менен
Сапарға сапар жалғана берсе екен деп,
Жалынам күнде,жазмышқа тағзым етем көп.
Адасу болар,таласу болар өмірде,
Жүрсем болғаны Ата жерімді мекендеп.
Атақ-даңқтыңкерегі маған шамалы.
Қалады досым,қалады, бәрі қалады...
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Уақыт өтіп,уақыт өтіп барады.
Өлімнен қорқам,кете жаздаймын жынданып.
Өмір бар жердеөлім деген бір жүр қауіп.
Ажалды қойшы,байқатпай соғар ұрланып,
Алдына оның жүрміз ғой күнде мың барып.
Өлімнен өткен ақиқат сірә болған ба?
Тағына келіп қойғанда,
Жалтартпас соты болғанда,
Жазалаушы да,
Жолай алмайды ол маңға,
Жақтаушы тіптен жолай алмайды,
Ол маңға.
Үкімі оның арыздануға жатпайды,
Мәңгі құлпыда,мәңгілік мөрін сақтайды.
Дәуірлердің де, ғасырлардың да - бәрінің,
Ақиқат-өлім белінен бір-ақ аттайды.
Ажалды қойшы, алдына оның мың барып,
Мың кетіп жүрміз сұранып, кейде ұрланып.
Өлімнен қорқам, кезегі бір күн келер деп,
Асықпай, саспай,
Алдымды менің тұр бағып...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қай күні менің тәмамдалады дастаным өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қай күні менің тәмамдалады дастаным, мұқағали мақатаев Қай күні менің тәмамдалады дастаным өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском язык, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қай күні менің тәмамдалады дастаным?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке