Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...) на казахском языке


Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырына бәз-даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ-ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам...»
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан-жырды.
Жеді.
Тынды...
Керемет дерттер төиіп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
«Бір күй бар домбырамда...»
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қасым солай болмаса... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қасым солай болмаса..., мұқағали мақатаев Қасым солай болмаса... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қасым сола, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке