Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?..) » ZHARAR © 2018 | мұқағали мақатаев Қиын не бар?.. өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?..)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?..) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?..) на казахском языке


Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?
Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Арзан не бар ойнау менен күлуден,
Қымбат не бар, адам сырын білуден?
Мен әуремін, өз сырымды білумен,
Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,
Жылдарымды еске аламын бүлінген.
Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін...
Ажырата алмай шуақ, түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.
Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,
Өз көзіме өзім,
Ғажап!
Сенбедім.
Кесерткідей ауыстырған ендерін,
Түсінбеймін қылығына пенденің.
Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,
Жақыныңның жат боларын кім білген.
Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,
Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қиын не бар?.. өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, , Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қиын не бар?..) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке