Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара қамба)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара қамба) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара қамба) на казахском языке


Әлі менің есімде қара қамба,
Қарның тойып қалатын қарағанда.
Жеткізе алмай тұрса да әр адамға,
Әбіужауһан болатын балаларға.
Шұрқырасып сабақтан тарағанда,
Ішімізді аш тазы жалағанда,
Өкпемізді қолға алып жетуші едік,
Ашық тұрса аңқайып қара қамба.
Жаңа келген мүгедек қамбашы аға,
Бастығынан жарлықты алмаса да,
Қалтамызды арпаға толтыратын,
Қабымызға шелектеп салмаса да.
Қарып тұрған қаңтардың суығында,
Тоюшы едік қайнақ су, қуырымға,
Қосымыз түзелгендей көрінетін,
Қисайып пәс-пәс қалған жығылуға.
Қарық қылмай тұрса да қара нанға,
Қара қамба құт еді балаларға.
Әкеміз тірілгендей қуанушы ек,
Аузы ашылып тұрса өгер қара қамба.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қара қамба өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қара қамба, мұқағали мақатаев Қара қамба өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қара қамба, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара қамба) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке