Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы) на казахском языке


Жетелеп сонау жылдар қара шалды,
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы.
Қара шалғы ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды.
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Түбегінен түк қоймай Қарасудың,
Қарт екеуің қаншама аласұрдың.
Қаншама рет қапырық күн өткеріп,
Түн жамылып, қаншама таң асырдың,
Күркеде, жағасында Қарасудың.
Ойдың, қырдың шалғынды бөктерінде,
Ойын салмай сен де енді кеткенің бе?
Бір жарқ етіп қалушы ең ақ алмастай,
Бір-бір жанып құм қайрақ өткенінде
Сен-дағы пенсияға кеткенің бе?!
Аттандырып келмеске қара шалды,
Қаңыраған қорада қара шалғы.
Ұңғысынан сырығын суырып ап,
Тамызыққа келіні жаға салды.
Қала берді тат басып қара шалғы...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қара шалғы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қара шалғы, мұқағали мақатаев Қара шалғы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қара шалғы, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қара шалғы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке