Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?) на казахском языке


Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
- Қарлығашым, қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
- О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қарлығашым келдің бе қаршығадан саумысың өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қарлығашым келдің бе қаршығадан саумысың, мұқағали мақатаев Қарлығашым келдің бе қаршығадан саумысың өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке