Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сүрініп кетпе)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сүрініп кетпе) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сүрініп кетпе) на казахском языке


Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы -
Аңдамай басып,сүрініп кетсе болғаны.
Аңдамай кейде, басымыз-дағы кердендеп,
Құлап жатамыз,
Аяқ-қолымыз ербеңдеп.
Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,
Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп.
Таппайсың оны,тартасың азап сан жылдар.
Аттай алмайсың,құлауың мүмкін, алдың - жар.
He істесем екен,нe істесем екен сендерге
Сүрініп кетіп,бүлініп жүрген тағдырлар!
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...
Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым кем бе еді?!
Hегe бұлай?
Heгe жүрмін көңілсіз?
Жаным менің жылап жатыр, тек үнсіз.
Қалам ба деп қайғырмаймын көмусіз,
Кетем бе деп қапаланам өмірсіз.
Жасырамын назым менен өкпемді,
Бүгінімді, болашақты, өткенді.
Неғыламын шуағы жоқ көктемді?
Құрағы жоқ неғыламын көк белді!
Тұрағы жоқ неғыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу жүріп өткізсем де тандарды,
Артымда тек шұбатылған шаң қалды...
Білмейсін, ғой, сезбейсің ғой мені сен.
Ойдағымды енді кіммен бөлісем?
Жарқырап шығып,
Қалтырап барып батар күн.
Қысқарып қалар тәулігі ұзақ сапардың.
Күн батқан жерге,
Қосымды мен де апардым,
Күнменен бірге дамылдап мен де жатармын.
Өмірім менің!
Күнменен бірге жылжыған,
Өте бер жәйлап,
Несіне саған қынжылам.
Ашылып күнмен,
Күнменен бірге тұнжырап,
Күнменен күліп,
Жыласа, бірге тұр жылап.
Күн шыққан жерде,күн батқан жерде түрағым!
Кірлесе көңіл, нұрына соның жуамын.
Ақтарыл, менің шуағым!
Сөнбесең екен,сөнбесең екен, шырағым!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сүрініп кетпе өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сүрініп кетпе, мұқағали мақатаев Сүрініп кетпе өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сүрініп кетпе, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сүрініп кетпе) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке