Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі) на казахском языке


Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен,
Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген.
Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан,
Аяңталыпты Батыста жатқан Берлиннен.
Қиналып жатыр,өмірді қиып кете алмай,
Көрік кеудесі көтеріледі от алмай!
Бір түйір ет жоқ, аяқ пен қолы сом сүйек,
Станогында өзі өңдеген металдай.
«Қаншама металл қолымнан өтті, балтадым,
Ағыздым нелер ақ бодаттың да ақ қанын.
Мінеки, енді ажалдың сүп-сұр токарі
Қарашы,- дейді,-
Мені кеп жонып жатқанын».
Бір жұтым суын - бір тәулік бойғы қорегі,
Ауа жетпейді-ау, кеудесін сипай береді.
Демі таусылып, әлсіреп бара жатқанда,
Сыбырлап өтер ғазиз жан былай деп еді:
«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?»
...Бардым да жұмдым ашылып қалған жанарды.
Мен де айтып тұрмын ол беріп кеткен сауалды,
Кім алып келді, жаңағы тірі адамды?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Токарьдің соңғы сөзі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Токарьдің соңғы сөзі, мұқағали мақатаев Токарьдің соңғы сөзі өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Токарьдің со, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке