Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түсіме тау кіреді...)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түсіме тау кіреді...) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түсіме тау кіреді...) на казахском языке


Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған.шал жүреді.
Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан Сал-күреңі.
Сөйлесуге, менімен сырласуға,
Шақырады, кім білсін, мұңдасуға,
Енді жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір қыр басында.
Шақырады, отырып қыр басында.
Шыбындаған күреңі тұр қасында.
Тағы жете бергенде, ғайып болып,
Отырады басқа бір шың басында.
Өліп-талып, оған да жетемін де,
Көз салам таудың алыс етегіне.
Шалым кетіп барады өз жәйімен,
Ер-тоқымсыз күреңі жетегінде...
Қалып қойдым, түсе алмай, шың басында,
Кеш те келді, айналды түн басуға.
Шың басынан түсе алмай әуреленем,
Бір минутым тең болып бір ғасырға...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді.
Түсінбеймін неғылған тағдыр едің?!
...Тауда жортқан тағыдай алғыр едім,
Алғырлығым қай жақта қалды менің?..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Түсіме тау кіреді... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Түсіме тау кіреді..., мұқағали мақатаев Түсіме тау кіреді... өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Түсіме тау к, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түсіме тау кіреді...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке