Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Туған жерге)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Туған жерге) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Туған жерге) на казахском языке


Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан,
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып, аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,
Бәрі таныс - кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Туған жерге өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Туған жерге, туган жер туралы олен жолдары, туған жер туралы өлең жолдары, стихи про туган жер, стих про туган жер на казахском языке, стих про туган жер казакша, туған жер туралы өлең шумақтары, туган жер туралы олен жолдары, туған жер туралы өлең жолдары, стихи про туган жер, стих про туган жер на казахском языке, стих про туган жер казакша, туған жер туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Туған жерге) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке