Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі Алматы)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі Алматы) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі Алматы) на казахском языке


Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,.
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менеи қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Ағылады аспанға фонтан болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Түнгі Алматы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Түнгі Алматы, мұқағали мақатаев Түнгі Алматы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Түнгі Алматы, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі Алматы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке