Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тұлпарларыммен біргемін)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тұлпарларыммен біргемін) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тұлпарларыммен біргемін) на казахском языке


Іздесең мені кімде-кім,
Қаладан іздеп жүрмегін!
Үйіме де іздеп кірмегін!
Аязды боран, ақ таудың
Арасында өмір сүргемін.
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері,
Күндерім менен түндерім,
Төсек caп қардан бір керім,
Қарыма құрық ілгемін.
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!
Ақ түтек ашық ақпанда,
Ақ сайда жылқы баққанда,
Құрықты шаншып ақ ңарға,
Аспанға қарап тұрам мен,
Құс жолы - Болашақтарға,
Қар теуіп жылқым жатқанда,
Рахат одан шақ бар ма?!
Керек қой күзет өмірге
Дүние ұйықтап жатқанда...
Ақ қырау шалып тұлымын,
Кісінеп қойса құлыным,
Кетеді бойым жылынып,
Бүлк етіп менің жұлыным,
Айтамын, айтам қайталап,
Тұлпарлы жердің ұлымын!
Ракетадан кем емес,
Шаншылған менің құрығым!
Сондықтан асау ңылығым...
Қашырар құтын ұрының!
...Іздесең мені кімде-кім,
Бұл жерден іздеп жүрмегін!
Аязды ақ қар түндемін,
Ақ тозаң боран күндемін,
Тұлпарларыммен біргемін,
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Тұлпарларыммен біргемін өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Тұлпарларыммен біргемін, мұқағали мақатаев Тұлпарларыммен біргемін өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Тұлпарлар, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Тұлпарларыммен біргемін) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке