Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен қартайды дегенге)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен қартайды дегенге) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен қартайды дегенге) на казахском языке


Сен қартайды дегенге мен сенбеймін,
Әжімменен кәрілік өлшенбейді.
Әжім деген - әйгілі тамшы-уақыт,
Тамшы-уақыт тасты да жеңсем дейді.
Шаршама, шашым ерте ағарды деп,
(Қайратың қан бойында қалар жүдеп.)
Ақ шаштың ар жағында - аппақ миың,
Әжімнің ар жағында - соғар жүрек.
Іреңің неге сонша мұң атулы?
Жігерің неге сонша уатылды?
Балауса шыбық едің, емен болдың,
Бойыңа жиып алып қуатыңды.
Самалы қуаныштың соқпай қалды,
Жанарың неге айнаға тоқтай қалды?
Тұрсың ба, жастықтағы нұрыңды іздеп?
Жаным, ол-жалын менен отқа айналды.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сен қартайды дегенге өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен қартайды дегенге, мұқағали мақатаев Сен қартайды дегенге өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен қартайды, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен қартайды дегенге) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке