Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің) на казахском языке


Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына - тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын. .
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..
Алдынан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.
Heгe өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?
Қайран көктем,
Қайран гүл, қайран жазым!
Сарқылған ба, шынымен сайран-назың?
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?
Айдынымда қанатын жайған қазым.
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сен менің өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен менің, мұқағали мақатаев Сен менің өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен менің, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке