Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен жастықтың сақшысы)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен жастықтың сақшысы) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен жастықтың сақшысы) на казахском языке


«Лениншіл жасқа»
Сен алғы шерудесің,
Өмірдесің
Еліңнің көгіндейсің.
Таң атқанда қазақтың жастарына,
Таң жұлдызы Шолпан боп көрінгенсің.
Ақ отауы іспеттес ақ жандардың,
Арнасы - сен тоғысқан адамдардың.
Қалам алған қолымның мектебі - сен,
Кешегі жас -
Бүгінгі тарландардың.
Иә, сеи мектебісің, мектебісің!
Талайдың сенен түлеп кеткені шын.
Қариялар құмартып сені алады,
Біржола қартайып кетпеу үшін.
Жастар қазір сүңгіден сез жоиады,
Сенсің бүгін әр үйдің өз қонағы.
Басымырақ кетсең сен, батылырақ.
Басын шайқап кәрия мәз болады,
Жастығы кеп, жаиына жаз қонады...
Сені көрдім, жұртымның алқасынан,
Алтайынан елімнің Арқасынан -
Дәрігердің, шопанның қалтасынан,
Қонышынан шофердің дән тасыған.
Маңғыстауда, мұнара қалқасынан.
Сені көрдім, биік тау жайлауынан
Жезқазғанның жер асты жартасынан,
Жатыр оқып пляжда шалқасынан.
Қайда барсам, қадірлім, сені көрем,
Жеріменен үндескен еліменен.
Жастық көрем, сырласқан сеніменен,
Жалын алып, жылытып келген де сен,
Қырау қалмас қабақта ерімеген
Отыр, жастық, оңаша төріме кеп.
«Правда» атаң айтқан жалғастырып,
Отыр, менің жастығым, малдас құрып.
Өрте!
Өрте, жалыным, өртеп жібер,
Жүрсе өсекші, ел-жұртты ауластырып.
Ойландырған, түйсінткен отты лебің,
Сен - жастықтың сақшысы деп білемін!
Қадірлім.
Көп арманым, көп тілеуім,
Өзіңе тағзым етіп өтті менің..
Сен маған бағалысың, бағалысың,
Жастығымның серпілткен самалысың.
Сен - менің мынау алып партиямның
Қолыма сеніп берген жалауысың!
Ардақ тұтып есімін Лениннің,
Ауытқымай, адаспай жүре білдің.
Сен бар жерде мен бармын!
О, жастығым!
О, компасы - миым мен жүрегімнің!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Сен жастықтың сақшысы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен жастықтың сақшысы, мұқағали мақатаев Сен жастықтың сақшысы өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сен жастықт, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен жастықтың сақшысы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке